4.01.2023, 16:00
Оқылды: 48

Қазақстандықтар такси бағасына шағымданды

Танымал "Яндекс Go" такси қызметіндегі тарифтердің көтерілуіне байланысты қазақстандықтар әлеуметтік желілерде наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1

Бірнеше айдан бері қазақстандықтар танымал "Яндекс Go" такси қызметіндегі бағаның шарықтап кеткеніне шағымданып жүр.

Желі қолданушылары бұл мәселені көтеріп, вайндар түсіріп жатыр. Қазақстандықтар арасында такси қызметі бойынша таңдау аз. "Яндекс Go" - ең танымал қолданба.

Мобильді қолданба тұтынушыларының айтуынша, аздаған жауын-шашын болып, кептеліс болмағанда да, баға шарықтап кетеді.

"Яндекс Go" баспасөз қызметі тарифтер өзгерген жоқ деп сендірді.

"Алайда, түпкілікті бағаға тек тарифтер ғана емес, сонымен қатар басқа факторлар да әсер ететінін есте ұстаған жөн: мысалы, сапарларға сұраныс көлемі, желідегі бос көліктер саны, жол жүру қашықтығы мен ұзақтығы. Сапар неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым қымбатқа түседі, ал таңертең және кешкі кезеңде кептеліске немесе қарлы жолдарға байланысты көліктердің жылдамдығы негізінен төменірек болады", - деп түсіндірді такси қызметі.

Баспасөз қызметі мәліметінше, қар жауып, ауа райы қолайсыз болған кезде таксиге отыруға ниет білдірушілер саны еселеп артады. Сонымен қатар, белсенді жүргізушілердің саны азайып келеді: мұндай қозғалыс жағдайында кез келген адам желіге шыға алмайды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале