Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Кәлетаев Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтар мінген ұшақ Польшадан әлі ұшпағанын айтты (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13:00-дегі ақпарат).
Дархан Кәлетаевтың айтуынша, Польшамен шекарада әлі 204 адам тұр.
- "Өлік кептелісі, кезек", - деп қосты елші. Қазақстандықтарды үш рейспен жеткізу жоспарланған.
Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49
Сонымен қатар, Одесса облысының аумағында жүрген Қазақстан азаматтары елден Молдова арқылы (Старо-Казачья, Паланка, Тудора және Серпневе-1 шекаралары) кете алады.