20.06.2025, 16:45
Оқылды: 308

Қазақстандықтардың денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсайтын шығыны күрт артты

I тоқсанның қорытындысы бойынша, инфляцияны есептемегенде, жылдан жылға 28,3%-ға өскен - жан басына шаққандағы орташа шығын 3,6 мың теңгеден 4,6 мың теңгеге дейін өсті. Бұл - жалпы номиналды ақшалай шығындардың жылдық өсімінен үш есе көп әрі соңғы екі жылдағы рекорд. Бұл деректерді ҚР СЖРА ҰСБ халық арасында сауалнама жүргізу нәтижесінде алды.

3216

Нақты мәнде көрсеткіш 14,9%-ға артқан. Айта кету керек, бұл есептеулерде денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтеріне арналған баға индексі пайдаланылды, себебі барлық медициналық қызметтер бойынша бөлек индекс жарияланбайды.

Жан басына шаққандағы денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсалатын орташа шығынның негізгі бөлігін стоматологиялық қызметтер құрайды - 2,4 мың теңге, инфляцияны есептемегенде жылдан жылға +26%, ал есептегенде - жылдан жылға +11,8%. Мұнда да қысқаша түсіндірме қажет болып тұр.

Мұндағы сандар аз көрінуі мүмкін, бірақ бұл есептеулер еліміздегі барлық тұрғындар бойынша жүргізілетінін есте сақтау керек, ал есеп беру кезеңінде олардың бәрі бірдей аталмыш қызметке жүгінбеген. Дегенмен, ресми статистиканың іріктеуіне 12 мың үй шаруашылығы кіргізілген, олардың деректері негізгі жиынтық көрсеткіште қамтылған.

Басты тақырыпқа оралайық. Денсаулық сақтау қызметтерінің ішінде шығыны ең жылдам өсіп жатқан санат ауруханалар қызметі (оның ішінде күндізгі стационар және шипажайлар қызметі бар) болып тұр. Орташа жан басына шаққанда - 946 теңге, номиналды өсім жылдан жылға 54,1%, ал нақты өсім - 39,8%.

Сонымен қатар дәрігер мамандар мен алғашқы қабылдауды қамтитын медициналық қызметтер бойынша жан басына шаққандағы орташа шығын инфляцияны есептемегенде бір жылда 5,7%-ға өскен, бірақ нақты мәнде 5,1%-ға төмендеген. Қазіргі деңгейі - 559 теңге.

Ал парамедициналық қызметтерге жұмсалған (медициналық зертханалар, рентген кабинеттері, медбикелер мен акушерлер қызметі) жан басына шаққандағы орташа шығынға тоқталар болсақ, мұнда өсім бірден номиналды түрде де (+27,6%), нақты түрде де (+11,2%) байқалып тұр - 568 теңге.

Бір қызығы, ресми статистикада азаматтардың бейресми медициналық шығындары да көрсетілген (гүл, сыйлық сатып алу және т.б.). Жан басына шаққандағы орташа көрсеткіші - 121 теңге, ноиманалды өсім жылдан жылға +39,1%.

Түсінікті болу үшін айта кетейік, I тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы табысы, бағаның өсуін ескермегенде, 10,1%-ға, 350,4 мың теңгеге дейін өскен. Ал инфляцияны ескергенде өзгеріссіз деуге де болады, +0,7%.

Дереккөз: @DataHub_KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале