Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің баяндауынша, электрондық сауда әлемдік экономикалық өсудің жаңа драйверіне айналған.
Министрдің хабарлауынаш, 2022 жылғы қорытынды бойынша елімізде электрондық сауданың үлесі – 12,5% болған. Бұл шамамен екі триллион теңге.
Бұл ретте өткен жылдың 11 айында электрондық сауда көлемі шамамен 2,2 трлн теңгені құрап, бөлшек көлемінен 13%-ға дейін өскен.
Қазақстандықтар негізінен интернет арқылы тұрмыстық заттар, киім-кешек пен аяқ киім, азық-түлік, косметика және дәрі-дәрмектер сатып алады.