9.04.2025, 11:45
Оқылды: 80

Қазақстандықтардың қалтасына ет бағасы ауыртпалық түсіріп жатыр

Наурызда ет бағасы (ет өнімдерін қоса алғанда) айдан айға 2,2%-ға өсті. Соңғы рет осындай жоғары айлық қарқын үш жыл бұрын, 2022 жылдың сәуірінде тіркелген еді.​

ЖП согым, ет (6)

Сурет:  сайт архивінен

Ет бағасының айына 1%-дан астамға өсуі – салыстырмалы түрде сирек кездесетін құбылыс. Мысалға, бұған дейінгі толық екі жылда 1%-дық деңгейден бірде-бір рет асқан жоқ (айлық өсім қарқыны орта есеппен 0,4% болды). Сонда 2024 жылы ет бағасы жылдан жылға 3,4%-ға, ал 2023 жылы 7%-ға өсті. Ал енді салыстырыңыз: 2025 жылдың жақында ғана басталғанына қарамастан, осы уақытқа дейінгі баға өсімі 5,6%-ды құрайды. Мәселе үшінші ай қатарынан осылай елеулі түрде қымбаттап отырғанында. Бұған дейін +1,1% (қаңтарда) және +2,1% (ақпанда) болған.​

Айта кету керек, дәл осы ет өнімдері наурыздың қорытындысы бойынша айтарлықтай үдей түскен азық-түлік инфляциясына ең көп үлесін қосқан. Жалпы баға өсіміндегі азық-түліктің 0,67 пайыздық тармағының 0,27 пайыздық тармағы немесе 40%-ы осы өнім тобына тиесілі болды.​

Нақтырақ айтқанда, жалпы көрсеткішті ең көп көтерген – сиыр еті мен қой еті. Сиыр еті бағасының айлық өсім қарқыны 3,5%-ды құрады (2017 жылдың ақпанынан бергі екінші ең жоғары көрсеткіш), ал қой етінікі – 3,4% (2017 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары көрсеткіш).​

Билік әлі де еттің қымбаттау себебі ретінде Тәжікстан мен Өзбекстан тарапынан сұраныстың артуын атап отыр (мұндай ресми түсіндірмені бұған дейін сиыр еті бағасының бір апталық күрт өсуі аясында айтып өткен едік). Олардың мәлімдеуінше, баға жуық арада тұрақталады: ішкі нарықта ет өнімдерінің тапшылығы жоқ. Ал «Қазақстанның ет одағы» бұл жағдайды басқаша түсіндіреді. Еліміздегі ірі қара мал басының азаюы себебінен туындаған ұсыныстың қысқаруымен байланыстырып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале