31.03.2022, 13:00
Оқылды: 49

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір айда шамамен 483 миллиард теңгеге өсті

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, салымшылардың зейнетақы жинақтары 2022 жылғы ақпанда 482,9 млрд теңгеге немесе 3,7%-ға ұлғайып, 13 585,2 млрд теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

72b9cd1b2c69422e8464f2a6888913c8

2022 жылғы ақпанда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2022 жылғы 1 наурызда 7 433,9 млрд теңгеге дейін 511,7 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы 1 наурызда 10,9 млн шот болды.

2022 жылғы ақпанда зейнетақы төлемдерінің сомасы 206,1 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 наурызда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 38,6%-ы және 22,0%-ы) алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале