16.05.2020, 11:35
Оқылды: 39

Қазақстандықтарға пойыз билетін онлайн сатып алу ұсынылды

1 маусымнан бастап вокзал ғимаратына жол жүру билеті бар жолаушылар ғана кіргізіледі. «Қазақстан темір жолы» компаниясы жаңа қауіпсіздік талаптарын жариялады.

8A9B4EA3-3FCC-49AC-BB48-73B13991493C

«Бас санитар дәрігердің шешімімен 1 маусымнан бастап вокзал ғимаратына жол жүру билеті бар жолаушылар ғана кіргізіледі. Мұнда вокзалдар әкімшілігі жолаушыларға билетті онлайн түрде сатып алуға кеңес береді. ҚТЖ сайты мен 14 интернет ресурстан, қызмет көрсету терминалдарынан билет алуға болады», - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Вокзал шаруашылығын дамыту және пайдалану бойынша атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев тілшілерге берген сұхбатында. Әзірге бас санитар дәрігер шешімімен шығарып салушыларға вокзалға кіруге тыйым салынды. Бұл мәселе эпидемиялық жағдайға байланысты болады. Еске сала кетсек, 1 маусымнан бастап, жолаушылар пойызының жұмысы кезең-кезеңімен жанданады. 15 мамырда билет сатылымы басталып, 23 мыңнан астам билет сатылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале