19.09.2024, 11:45
Оқылды: 112

Қазақстанға екі апта ішінде жарты миллионнан астам турист келді

2024 жылғы 1-13 қыркүйек аралығында Қазақстанға шетелден 597 мың турист келді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі бөлімдеді.

0AD07F1F-DB53-4332-B535-8A6682ED19FA
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

68 мың саяхатшы Астана және Алматы халықаралық әуежайлары арқылы, 529 мың турист авто және темір жол көлігімен келген.

Шетелдік туристердің елімізде жұмсаған жалпы шығыны: 15,5 млн АҚШ доллары (7,5 млрд теңге). Алыс шетелден келген туристердің орташа шығыны: 1500 АҚШ доллары.

Көшпенділер ойындарына келген туристердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 625 000 АҚШ доллар болды.

Қазақстанға ең көп туристер Қытай (33 мыңнан астам), Үндістан (6 мыңнан астам) және Германиядан (4 мыңнан астам) келген.

1-13 қыркүйек күндері Ұлттық музейге 14 мыңнан астам, «Бәйтерек» монументіне 15 мыңға жуық, «Нұр-Әлем» павильонына 10 мыңға жуық турист барған.

Этноауыл мен ойындарды 250 мыңнан астам адам тамашалаған.

Сондай-ақ, еQonaq жүйесі Астанада 12 500-ге жуық шетелдік турист тіркеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале