28.09.2022, 15:00
Оқылды: 42

Қазақстанға келген ресейліктердің жартысынан көбі кетті - ІІМ

Кейінгі күндері Қазақстанға келген Ресей азаматтарының жартысынан көбі елден шығып кетті. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8

"100 мыңға жуық адам кірді, бүгінде олардың 65 пайызы шығып кетті. Кешегі күні 64 мыңнан астамы елімізден кетіп қалды", - деді Қожаев Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Ол бір апта ішінде Ресейден келген иммигранттар бірде-бір қылмыс немесе құқықбұзушылық жасаған жоқ деп сендірді.

"Көбіне заңға бағынатын азаматтар, өмір сүруге ресурсы бар кезде келеді. Олар құқықбұзушылық жасаған жағдайда, әрине, қарапайым азамат сияқты шаралар қабылданады. Заң барлығына бірдей. Егер олар көші-қон заңнамасын бұзса, онда елден шығарылады, егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Біз шекарада және олар орналасқан жерлерде көші-қон процестерін бақылаймыз. Біз әлеуметтік желілерде де, БАҚ-та да профилактикалық жұмыстар жүргізіп, мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - деді ол.

Сондай-ақ, ол әзірге Ішкі істер министрлігіне Ресейден іздеуде жүргендер тізімі келмегенін түсіндірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале