Биылғы 10 айда елімізге Қытайдан 122 мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға көп. Былтыр елімізге 78,5 мың қытайлық саяхаттаған. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: istockphoto.com
Мәліметтер eQonaq жүйесінен алынды.
Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, туристер санының айтарлықтай өсуіне 2023 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара визасыз режимнің енгізілуі ықпал еткен.
Екі ел азаматтары 30 күн визасыз жүре алады.