26.02.2024, 15:30
Оқылды: 62

Қазақстанға Starlink жабдығының алғашқы партиясы әкелінді

Бұл туралы ҚР цифрлық даму, иннвоациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин telegram каналында жазды.

мусин

Фото: видеодан кадр

 - Starlink жабдығының алғашқы партиясы Қазақстанға келді. 500 дана! Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келдім. Келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы Starlink орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады. Аталған облыстардың әкімдіктері барлық дайындық жұмысын жақсы жүргізді.

Қалған өңірлерге 10 күннен кейін келетін келесі кезекте жеткізіледі. Барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келеді, олар елдегі 2000 шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді, - делінген жазбада.

zhaikpress.kz

мусин

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале