Қазақстанда 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру мерзімі ұзартылды.
Қазақпаратта жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия визасыз режим бойынша шешім қабылдады: 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту: ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.
Еске сала кетсек, 2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Онда шекараны кесіп өту тәртібі өзгертілгені мәлім етілді.
zhaikpress.kz