16.02.2024, 9:15
Оқылды: 47

Қазақстаннан алтын ұрлап кеткен адам Әзербайжанда ұсталды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқан Түркия азаматын Әзербайжаннан ұстады.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

InShot_20240216_083714686

Фото видеодан кадр

Ол 2020 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деп күдіктеледі.

Осы қызметтің нәтижесінде мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін қатысушылар тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжанда ұсталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 2022 жылдың маусымында Астана қаласының соты осы трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысы бар 14 адамды түрлі жаза түрлеріне соттап, олардан мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық ақша өндіріп алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале