25.08.2023, 11:30
Оқылды: 43

Қазақстаннан апта сайын қанша халықаралық рейс ұшады?

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, 581 тікелей халықаралық рейс Қазақстаннан апта сайын жүзеге асырылады. Тікелей әуе қатынасы 117 бағыт бойынша 31 мемлекетке орындалады.

3c27da26-217a-430d-880c-28d00d80a45f

Атап айтқанда рейстер Түркия, БАӘ, Грузия, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Вьетнам, Катар, Кувейт, Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан, Бахрейн, Оман, Черногория, Греция, Италия, Қытай және т.б. елдерге шығады.
Жаңа бағыттарды ашу және қолда бар бағыттар бойынша қосымша рейстерді іске қосу бағытында жұмыстар үнемі жүргізілуде. Соңғы уақытта Катар, Египет және Қытайға әуе рейстерінің жиілігі артты.

Шілде айының басынан бастап SCAT әуекомпаниясы Пәкістанға «Алматы – Лахор» бағыты бойынша (аптасына 2 рейс), сондай – ақ «Алматы – Маскат» бағыты бойынша Бахрейнге (1 чартерлік рейс) тікелей рейстерді іске қосты. Сонымен қатар, Оманның Salam Air авиакомпаниясы «Алматы – Маскат» бағыты бойынша аптасына 2 рет жиілікпен рейсті іске қосты.

«2023 жылдың көктем–жаз маусымының басында Анкара мен Мединаға жаңа рейстер ашылды. Жыл соңына дейін Куала – Лумпурға (Малайзия) рейстерді қайта бастау және Тель-Авивке (Израиль), Джиддаға (Сауд Арабиясы) және Карачиге (Пәкістан) жаңа маршруттар ашу жоспарлануда. Ал 2025 жылға қарай Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк, Бұқара, Прага және басқа да шетелдік қалаларға рейстер ашу жоспарланып жатыр», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале