Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз 14 тонна жем өткізуге тырысқандар ұсталды, деп мәлім етті Қырғыз Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі. Kazinform бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Көрнекі фото
Оны «Ақ-Тілек» бақылау-өткізу пунктіндегі Ветеринария қызметі инспекторлары анықтады.
«Жүктің ветеринариялық құжаттары жоқ және ЕАЭО ветеринария-санитария талаптарын сақтамаған», - деп толықтырды ведомство.
Инспекторлар тиісті акт толтырып, жүк «Ақ-Тілек» бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасына қайтарылды.