ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры бар 23 кен орны бойынша аукцион өткізетінін хабарлады.
Сурет: Pixabay
Осыған байланысты жер қойнауын пайдалану департаментінің қызметкерлері әр сәрсенбі мен жұма сайын сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайында Transport Тower ғимаратының бірінші қабатындағы инвесторларға арналған кабинетте аукцион өткізу шарттары бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Өтінімді [email protected] электронды поштасына байланыс деректерін қоса отырып қалдыруға болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат