4.11.2021, 11:33
Оқылды: 61

Қазақстанның 6 қаласында қоқыс жағатын зауыттар салынады

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қоқыс жағатын зауыттардың құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22

«Қалдықтармен жұмыс істеу мәселесіне көшейін. Түзілген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемін айтарлықтай қысқарту үшін заңнамалық деңгейде «Waste to Energy» тетігі енгізілді. Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін 6 қала анықталды. Алғашқы аукциондық сауда-саттық өткізілді. Инвестор анықталды. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Жеке инвестициялар 292 млрд теңгені құрайды. Өз кезегінде, мемлекет қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді», - деді министр Үкімет отырысында.

Министр бей-берекетсіз үйінділерді жою және болдырмау жұмыстары жүріп жатқанын еске салды. Бүгінгі күні 7,3 мың үйіндінің 86 пайызы жойылды. Рейдтік шаралар өтіп, 17 мыңға жуық құқықбұзушы жауапкершілікке тартылып, 25 млн теңге сомасына айыппұл салынған.

Бұған дейін Серікқали Брекешев экологиялық ахуалды жақсарту үшін қандай шаралар жасалып жатқанын баяндаған еді.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале