Қазақстанның 9 айдағы экспорты 35,3 млрд. долларды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
«9 айда сыртқы сауда айналымы 62,8 млрд. долларға жетті. Экспорт 35,3 млрд. долларды, импорт 27,5 млрд. долларды құрады. Осылайша, сауда теңгерімінің оң сальдосы 7,8 млрд. доллар деңгейінде қамтамасыз етілді», - деді Руслан Дәленов.
zhaikpress.kz