28.09.2023, 12:15
Оқылды: 147

Қазақстанның әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды

Азия ойындарындағы 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова) 2-орынға ие болды.

1695882959

Фото: olympic.kz

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, алтын медальді Солтүстік Корея (1655 ұпай) құрамасы иеленді. Қазақстан құрамасы (1642 ұпай) күміс жүлдеге ие болды. Ал үштікті Индонезия құрамасы (1604 ұпай) түйіндеді.

Айта кетейік, жеке сайыста Зухра Ирназарова чемпион атанған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале