22.02.2017, 16:33
Оқылды: 61

Қазақстанның білім беру мекемелері электронды құжат айналымға көшеді

Бүгінгі таңда Қазақстандағы 3 800-ден астам білім ошағы «Күнделік»  электронды жобасын қолдануда. Аталған жоба Астана және Алматы қалалары мен 13 облыстың аймақтарында жұмыс жасайды. Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Алмат Ищанов баяндады.


Бүгінде жүйеге 3887 мектеп пен 2,5 млн. адам тіркелген. Олардың ішінде мұғалімдер 174 006 мұғалім, 1 467 286 оқушы мен 854 280 баланың ата-анасы бар. Жүйені барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары мен 177 қалалық және аудандық білім бөлімдерінің 156 қолданып отыр, – деді А.Ищанов.

Министрлік 73 ақпараттық жүйені және 4 платформаны, атап айтсақ,  білім беру жүйесі бойынша барлық әкімшілік ақпаратты, ағымдағы үлгерімі бар электронды күнделікті, академиялық ақпараттық мектептерді және еліміздің барлық білім беру ұйымдарының бірыңғай бухгалтериясын, ЖОО ақпараттық жүйесін  біріктіру арқылы ақпараттық жүйенің жақсаруы мақсатында жұмыстар атқаруда.

Барлық жүйелер 4 платформа арқылы ақпарат салып отырады, осы 4 платформа өзара ақпарат алмасу жүйесімен жұмыс жасайды.  Осы жүйенің негізінде құжат айналымы толық автоматтандырылады. «Kүнделік» жүйесіне еліміздің кез-келген мектебі қалаған уақытында тегін қосыла алады. Ол мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары өз бағаларын, үй тапсырмаларын, сабақ кестелерін, мектептегі жаңалықтарды және басқа да ақпаратты қарап отыруға арналған. Ата-ана өз пайдаланушы аты мен құпиясөз арқылы кundelik.kz сайтына кіріп, «Балалар» – «Күнделік» деген бөлімдері арқылы өз баласының электронды күнделігіне кіріп, оның бағаларын, үй тапсырмаларын тегін көре алады. Мектептерден де сайтты пайдалану үшін ешқандай төлем алынбайды, – деді А.Ищанов.

 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале