3.10.2025, 11:30
Оқылды: 83

Қазақстанның білім жүйесінде «Еңбек Ері» атағын алған ұстаздар еңбек етуде

Қазақстанның тарихында жоғары мемлекеттік награда «Еңбек Ері» атағымен марапатталған тоғыз педагогтің есімі белгілі. Олардың ішінде Социалистік Еңбек Ерлері Жақия Шайжүнісов, Құдыс Әбсәметов, Рафиқа Нұртазина, Маржан Тасова бар. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды. 
_gluster_2025_10_3_0b33656f72d936f3cd8e77f68ed2cc4f_1280x720
Сурет: gov.kz

2008 жылы «Қазақстанның Еңбек ері» атағымен академик Аягүл Миразова марапатталды, ал 2018 жылы бұл жоғары атақ Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Алина Соловьеваға берілді.

Арада 5 жылдан кейін 2023 жылы 5 қазанда абайлық мұғалім Алма Шүкіжанова марапатталды. 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында алғаш рет бірден екі мұғалімге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен Алтын жұлдыз айрықша ерекшелік белгісін және «Отан» орденін тапсырды. Олар – Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова мен Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Траисова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале