Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен білім берудегі айрықша жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогіне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес Министрліктің бұйрығымен марапатталған педагогтерге 1000 АЕК көлемінде біржолғы төлемақы берілген.
Олардың арасында Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ұстазы Серік Қазиханов бар.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы биылғы жылдың 5 қазанында өткен педагогтердің бірінші республикалық съезінде ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған болатын. Оған 700-ге жуық білім беру қызметкерлері қатысты.