8.11.2024, 11:30
Оқылды: 101

Қазақстанның ерлер құрамасынан ауыр атлетика бойынша әлем чемпионатында жүлдеге үміткер кімдер?

Биыл ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионаты қазақстандық спортшылар қатысатын соңғы әлемдік додалардың бірі болмақ. Қазақстанның ерлер командасы бұл чемпионатқа толық құрамда қатысады. Толығырақ Olympic.kz материалында.

IMG_1125

Суреттер: Olympic.kz

2024 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 6-15 желтоқсан аралығында Бахрейннің Манама қаласында өтеді. Қазіргі уақытта Қазақстандық зілтеміршілер Алматы облысының жаттығу базасында дайындалуда.

Айта кетейік,өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасы толық құрамда өнер көрсетпей, жүлдесіз қалған еді. Бұған бірқатар қазақстандық спортшының допинг ережелерін бұзғаны себеп болды. Айта кету керек, 2023 жылғы Азия чемпионатынан кейін көшбасшылардың сынамаларынан тыйым салынған зат (SARMS S-23) табылған еді.

Кейіннен ұзақ уақыт бойы тергеу жүргізілді. Тергеу нәтижесінде, бұл зат атлеттердің ағзасына спорттық тағамдар арқылы енгені анықталды. Бұл өнімнің АҚШ-та сатып алынғаны туралы ақпарат бар. Дей тұрғанмен, тыйым салынған затты кездейсоқ қолданғанын дәлелдеп шықты. Сондықтан спортшыларға тек аз уақытқа шеттету жазасы тағайындалды.

Алайда, осы оқиға салдарынан көптеген маңызды турнирлерді өткізіп алуға тура келді. Әсіресе ерлер құрамасы біраз уақыт бойы командадағы негізгі зілтеміршілерсіз өнер көрсетуге мәжбүр болды. Оның ішінде 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрғиса Әділетұлы да  болды.

Жақында жаза мерзімі аяқталады, бұл дегеніміз – шеттетілген зілтеміршілер қайтадан жарыстарға қатысуға толық мүмкіндік алады. Осылайша, әлем чемпионатына ерлер командасы толық құрамда қатысады.

“Дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Спортшылар медалдар үшін таласуға дайын. Сондай-ақ, командалық есепте күресуді  жоспарлап отырмыз. Командамен алға қойған мақсаттарымыз бар. Медалдар үшін күресетін негізгі көшбасшылар – Ақмолда Сайрамкез, Александр Уваров, Алексей Чуркин, Нұрғиса Әділетұлы, Артем Антропов және Андас Самарқанов. Біз команданың күшіне сенеміз және әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуге тырысамыз”, – деді Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері Даурен Бекмұханбетов.

Алдағы әлем чемпионатына Денис Уланов та қатысады. Олимпиада ойындарының қола жүлдегеріне әлі де алған жарақаты маза бермей жүр. Сондай-ақ, спортшының әлі де өз әлеуетін толық көрсете алмай жатқаны мәлім. Алайда, Денис те алға ілгерушілік байқалады. Ол Манамада өтетін жарыста жоғары нәтиже көрсетеді деп күтілуде.

Жаттықтырушылар штабы 67 келі салмақ дәрежесінде жүлде үшін күрес болады деп болжап отыр. Ақмолда Сайрамкез биыл Азия чемпионатында күміс медаль иеленді. Қазіргі таңда спортшы бабында. Ал, Нұрғиса Әділетұлы екі жыл бұрынғы жетістігін қайталауы әбден мүмкін. Нұрғисаның әлем чемпионатында алтынды жеңіп алуға әлеуеті зор.

Сонымен қатар, Артем Антропов та бәсекелестік танытуы мүмкін. 2022 жылы Боготада алтыншы орын алғанымен,  жарыс көшбасшыларына бірнеше келіге есе жіберген еді. Сол себептен болар бас бапкер оны медалға бәсекелестік таныта алатын спортшылардың қатарына қосты. Алексей Чуркин де сол әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді, бұл оның жүлде алуға деген мүмкіндіктерін көрсетері анық.

Жалпы алғанда, байрақты бәсеке де жүлдеге таласуға қауқарлы спортшылар жеткілікті. Дей тұрғанмен, барлығы дайындықтың сапасына байланысты.

Бас бапкер команданың құрамын анықтады. Енді таңдалған зілтеміршілер алдағы жарысқа  жүйелі түрде жаттығу жұмыстарына кіріседі. Төменде Бахрейнде өтетін әлем чемпионатына қатысатын атлеттердің есімдері берілген.

1.Ақмолда Сайрамкез (67 келі дейін)

2.Александр Уваров ( 81 келіге дейін)

3.Алексей Чуркин ( 81 келіге дейін)

4.Денис Уланов ( 89 келіге дейін)

5.Денис Полубояринов ( 89 келіге дейін)

6.Кирилл Староверкин ( 96 келіге дейін)

7.Нұрғиса Әділетұлы ( 96 келіге дейін)

8.Артем Антропов ( 102 келіге дейін)

9.Андас Самарқанов ( 109 келіге дейін)

10.Мейрам Сұлтан ( 109 келіге дейін)

«Біз Бахрейнде өтетін әлем чемпионатына дайындықты қыркүйек айының ортасында Шымкенттегі жаттығу базасында бастадық. Сол жерде екі жиын өткіздік, ал қазан айының орта тұсында Алматы облысына ауыстық, мұнда біздің қазіргі уақытта Қазақстандағы төртінші және соңғы жиын өтіп жатыр. 23 қарашадан бастап Бахрейнде өтетін іріктеуге аттануды жоспарлап отырмыз, онда әлем чемпионаты өтеді. Жаттығу жиыны 12 күнге созылады, бұл спортшыларға климатқа, жағдайға және жергілікті тамақтану шараларына бейімделуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайлар спортшылардың сәтті өнер көрсетуіне сеп боларлығы сөзсіз. Біз жігіттердің акклиматизациясынан барынша жеңіл өтуін қалаймыз», – деді бапкер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале