Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 11 сәуірде ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Спорт» сериясынан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» және «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын хабарлайды.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» монеталарының 13 түрі әрқайсысы 7 000 данадан шығарылған. Олардың ішінде 5 000 монета жеке блистерде, 2 000 монета сувенирлік блистер жиынтығында ұсынылады.
2 000 данамен шығарылған сувенирлік блистер жиынтығы «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» 13 түрлі монетадан және бір дана «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» монетасынан тұрады.
Барлық монета мельхиор қоcпасынан (МН 25) жасалған, салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» монеталарының бейнесі

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» монетасының бейнесі

Сурет: nationalbank.kz
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.