18.07.2023, 17:15
Оқылды: 4

Қазақстанның қай қалаларында метеожағдай қолайсыз болады?

Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеожағдай болады деп күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

погода

Ауа райы болжамы бойынша 18 шілдеде Алматы, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластанады деп күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеожағдай дегеніміз - қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар. Яғни, тымық күн, әлсіз жел, тұман, атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін инверсия. ҚМЖ пайда болған жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау - жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале