11.11.2021, 11:30
Оқылды: 60

Қазақстанның қаржы жүйесі 100 жылдығын атап өтуде

Биылғы мерейтойлық жылы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығында қаржыгерлер елеулі датаны - Қазақстанның қаржы жүйесінің 100 жылдығын атап өтуде.

57862C2C-C16C-4C1B-83ED-A90CEC5207CA

Қаржы жүйесінің қалыптасуы мен дамуының ғасырлық тарихы мемлекет тарихымен тығыз байланысты, бұл ел экономикасының негізі.

Қаржы қызметі - бұл өмірлік міндет. Қаржы органдары қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі, жанқиярлығы және өз ісіне берілгендігі мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қалыптастырады, бұл ауқымды мемлекеттік өзгерістерді табысты іске асыруға, экономикалық өсуді, қаржылық тұрақтылықты және Қазақстан азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыс қаржыгерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери өндіріспен байланысты емес шығыстарды күрт қысқарту, әскери өнеркәсіп кәсіпорындарына қосымша ресурстарды анықтау бойынша міндеттер қойылған кезде үлкен үлес қосты.

        Соғыстан кейінгі уақыт қаржыгерлерден жойылған халық шаруашылығын тез арада қалпына келтіруді, оның экономикалық және қаржылық негіздерін тез өзгеретін жағдайларға сәйкес ауыстыруды талап етті.

1985 жылы қайта құрудың басталуымен қоғамды, экономиканы және, әрине, қаржы жүйесін басқарудың жаңа моделі аясында реформалау уақыты келді.

Біздің облыстың қаржы жүйесінің қалыптасуына ерекше үлес қосқан Зверев Григорий Тимофеевич, Амелин Леонид Иванович, Уразова Мадина Уразовна, Рахимбеков Женис Рахимбекович сияқты белгілі қаржыгерлерді естен шығармай еске аламыз.

Нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру Қазақстанда отыз жыл бұрын күрделі экономикалық жағдайларда басталған болатын. Республиканы терең экономикалық дағдарыстан шығару үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүйелі реформалары қажет болды. Осындай күрделі жағдайларда Қазақстанда өзіндік ұлттық валюта-теңгені енгізуге дайындық жүргізілді.

Бүгінгі таңда егеменді Қазақстан үшін өзгерістер кезеңі тек сынақ қана емес, сонымен қатар жетістіктер кезеңі, соның ішінде мемлекеттік қаржы жүйесінің қалыптасуы мен нығаюында болғаны баршаға мәлім.

Бюджетті жоспарлау және атқару, банк және салық саласы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру және мемлекеттік мүлікті басқару сияқты барлық қаржыгерлердің мемлекеттің қаржы жүйесін қалыптастыруға және тұрақты жұмыс істеуіне қосқан үлесі баға жетпес.

Қазақстанның бюджеттік құрылымын айқындаған «Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі туралы» бірінші Заңға 1991 жылғы 17 желтоқсанда қол қойылғаны есте қаларлық оқиға.

Тәуелсіздік жылдары облыс бюджетінің көлемі (1991-1992 жылдары - рубль) бірнеше есе өсті. Егер 1993 жылы бюджеттің жалпы көлемі бар болғаны 0,2 млрд. теңгені, 2000 жылы – 11,0 млрд. теңгені құраса, 2021 жылы 330 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.

Ірі ауқымды әлеуметтік-саяси және экономикалық қайта құрулар арқылы қол жеткізілген өңірдегі қолайлы экономикалық жағдай салық түсімдерінің серпіні мысалдарының бірі ретінде облыс бюджеті көрсеткіштерінің елеулі өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 1993 жылдан бастап (0,1 млрд. теңге) облыс бюджетіне салық түсімдері 900 есеге, ал 2000 жылдан бастап 9 есеге, 2021 жылы 9,8 млрд. теңгеден 88,4 млрд. теңгеге дейін өсті.

Басымдықтар туралы айта отырып, бюджет әрқашан айқын әлеуметтік бағытқа ие болғанын атап өткен жөн. Мәселен, 1993 жылы әлеуметтік саланы қаржыландыруға бағытталған бюджет шығыстары 0,1 млрд. теңгені құрады, ол кезде бюджет шығыстарының негізі болған, 2021 жылы бұл шығыстар 169 млрд. теңгені немесе облыс бюджетінің шамамен 51 пайызын құрайды.

Ардагер-қаржыгерлер кәсіпорындар іс жүзінде жұмыс істемеген, бюджет саласының қызметкерлері мен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары айлап жалақы, зейнетақы, жәрдемақы алмаған 90-шы жылдардың басы мен ортасы кезеңін жақсы еске алады. Қаржыгерлерге ұйымдарды ұстауға және қала мен облыстың инфрақұрылымын қолдауға бюджет үшін қаржы ресурстарын бөлу және іздестіру жөнінде "асқан шебер жұмыс" көрсету қажет болды.

Сайып келгенде, 90-жылдардың ортасы мен 2000 - жылдардың басында бірінші кезектегі міндет шешілді – ағымдағы әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз ету, жалақы, атаулы әлеуметтік төлемдер төлеу, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарын ұстау.

Сонымен бірге, 2000 жылдардың ортасынан бастап экономикадағы жетістіктер инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды, яғни даму бюджетін іске асыруға да назар аударуға мүмкіндік берді.

Халықтың өмір сапасын жақсарту және  әл-ауқатын арттыру «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ақ бұлақ», «Қолжетімді баспана» сияқты бағдарламалары және басқа да әлеуметтік маңызы бар бағыттар есебінен іске асырылды.

Мәселен, егер 2000-шы жылдардың бірінші бесжылдығында даму бюджетіне небәрі 14,0 млрд. теңге бағытталса, тек 2021 жылы шамамен 56 млрд. теңге көзделген.

 Бюджеттік қаржыландырудың арқасында ауылдық аумақтардың инфрақұрылымы, азаматтардың тұрғын үй жағдайлары сапалы жақсарды, газдандыру және ауыз сумен жабдықтау, облыс орталығы мен облыс аудандары арасындағы көліктік қолжетімділік мәселелері шешілді, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорттың жүздеген объектілері салынды және күрделі жөнделді.

Бұл көрсеткіштер қаржыгерлердің Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жұмысының және бюджеттің әлеуметтік бағдарлануының нәтижелерін айқын айғақтайды.

Республиканың Тәуелсіздік кезеңінде алға қойылған міндеттерді өз пікірлестерінің ұжымымен бірге Басқарманың ардагер-басшылары сәтті орындады, олар соңғы жылдары өңірдің қаржы жүйесінде жұмыс істеді: Хамитов Аскар Шангереевич, Жабалбаева Айжан Сембиевна, Салахатдинова Айгуль Бахитжановна.

Қаржы басқармасында ардагерлерді құрметтейді және еске алады, оларды назардан тыс қалдырмауға тырысады. Аға буынның даңқты жолын жалғастыру, олардың жетістіктерін көбейту-жас қаржыгерлердің борышы. Біздің республикамызды өркендету жолындағы еңбек – кез келген уақытта кез келген қаржыгер жұмысының негізгі қағидаттары болды және бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасуда.

Осындай айтулы күні қаржы жүйесінің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Ардагерлерге мықты денсаулық және ұзақ өмір, қызметкерлер мен жас мамандарға ортақ мақсат – еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз.

Нұрлан Есенғалиев

Батыс Қазақстан облысы

қаржы басқармасының басшысы

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале