22.12.2021, 9:00
Оқылды: 35

Қазақстанның мерейтойы Қазанда да тойланды

Татарстан Республикасының Қазан қаласындағы Халықтар Достығы үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған театрландырылған концерт өтті.

dd52bf2f-c77a-4b4e-b019-48ef9567bfc6

Концерттік бағдарламаға «Шаттык» қазақ биінің халық ансамблі, «Миринэ» корей биінің театры, «Лезгинкаstyle» лезгин биінің ансамблі, «Достлук» түрікмен халық би ұжымы, сондай-ақ вокалдық өнер бойынша халықаралық, республикалық, қалалық конкурстардың лауреаттары қатысты. Қазан мемлекеттік мәдениет институты, Қазан мемлекеттік медицина университеті, Қазан Федералдық университеті сияқты жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар, 30-дан астам қатысушы концерттік нөмірлерін ұсынды. Концертке Қазақстан Республикасының Татарстандағы бас консулы Ж.Мырзалин, «Халықтар Достығы үйі» МБМ-нің бас директоры И.Шарипов және «Қазан қаласының балалар мен жастар ісі жөніндегі комитеті» МҚМ-нің төрағасы Р.Нугманов қонақ ретінде шақырылды.

Салтанатты іс-шара көрермендерді қазақ халқының төл мәдениетімен, әсемдігімен арбайтын дала әуенімен және әдемі қазақ халық биімен таныстырды. Сонымен қатар концерттік бағдарлама барысында тәуелсіздік алғаннан  бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақ елі туралы бейнебаян  мен көптеген жылдар бойы халықты шабыттандырған Елбасының сөзі ұсынылды.

cceb0c73-be9e-4f80-bc38-08fac9ff297b

Қазан мемлекеттік мәдениет институтының студенті София Цой қоюшы режиссері болған концерт залдың ду қол шапалақтауымен аяқталды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт ТР-дағы қазақтардың ұлттық мәдени автономиясының ұйымдастыру комитетінің, Қазан қаласындағы шетелдік студенттер мен аспиранттар қауымдастығының, «Әлем жастары клубы» халықаралық қоғамдық ұйымының, «Dendi prodaction» дыбыс жазу студиясының, «Халықтар Достығы үйі» МБМ мен Татарстан халықтары жастар ассамблеясының қолдауымен өткенін атап өткен жөн.

Рафхат Халелов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале