25.01.2022, 15:15
Оқылды: 42

Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы бір жылда 40 пайыз өсті – Тоқаев

Кейінгі 30 жылда Қытай мен Орталық Азия елдерінің арасындағы сауда көлемі 100 еседен артық өскен. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211110112659230e

«Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы кейінгі бір жылда ғана 40 пайыздай артты. Бізге үлкен «Орталық Азия және Қытай» форматындағы әріптестіктің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану керек деп есептеймін. Ортақ мүдделерді ескере отырып, қазіргі кезеңде мынадай міндеттерді шешуге назар аудару маңызды болар еді», -Президент аталған міндеттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталды.

«Бірінші, қытайлық әріптестеріміздің дерегі бойынша, кейінгі 30 жылда Қытай мен Орталық Азия елдерінің арасындағы сауда көлемі 100 еседен артық өскен. Бұл әлі шегі емес. Сауда-экономикалық әріптестікті әрі қарай өрістетуге күш сала түсу қажет. Бұл міндеттің астарында сауда айналымының мазмұнын әртараптандыру, кедергілерді жою, кеден ісінде тәртіп орнтау және иннвоациялық шешімдер енгізу міндеттері жатыр», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда.

Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале