Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасында қайтыс болды. Ақпаратты Amanat партиясының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фото: liter.kz
Қазақ КСР үкіметінің 14-басшысы (1991) және Қазақстан Республикасының бірінші премьер-министрі болған (1991-1994).
Саясаттағы қызметінен кейін Сергей Терещенко кәсіпкерлікпен айналысқан. Ел үшін жаңа өндіріс орындарын ашып, шаруашылықтар мен су электр станцияларын салған. Ол Forbes рейтингінде болған - 2022 жылғы Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмені.
Айта кетейік, ол Приморск өлкесінің Лесозаводск қаласында дүниеге келген. Ұлты бойынша украин.