Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің басшылығы ведомствоның психологтарымен бірлесіп Ресей Федерациясынан жеткізілген пациенттерге барды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ТЖМ Телеграм каналы жазды.

Сурет: telegram.org
Зардап шеккендердің көңіл-күйі тұрақты-қанағаттанарлық. Пациенттер медициналық мекемеде, дәрігерлердің бақылауында.
Еске сала кетсек, үш күн бұрын, яғни 5 қаңтар күні Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына Ресей ТЖМ-нен "Самара-Большая Черниговка" федералды автожолының 101 км болған жол-көлік оқиғасы болған еді. Апат салдарынан Қазақстанның жеті азаматы зардап шекті.