21.12.2025, 14:30
Оқылды: 87

Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов өмірден өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның Халық әртісі, қазақ және әлемдік театр мен кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімұлы Әшімовтің өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

photo-output

Асанәлі Әшімұлы ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ театр және кино өнерінің биік кәсіби мектебін қалыптастырған дара тұлға болды. Оның сахна мен экранда жасаған көркем бейнелері, режиссерлік және педагогикалық қызметі отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

Марқұмның жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болғай.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале