29.01.2024, 17:55
Оқылды: 37

Қазақтар қандай халық?

ХІХ ғасырдың басында қазақ даласы және қазақтар Еуропа мен Ресей саяхатшылары мен тарихшыларының зерттеу обьектісіне айналып, қазақтар туралы таласа жазу басталады.

жп дала

Солардың бірі белгілі поляк саяхатшысы Ипполит Завалишиннің жазбалары болатын. Ол қазақтардың түр-түсі мен сөйлеу мәнері, ұлттық сана-сезімі мен қасиеттері туралы өзі аңғарған нәрселерін қағазға жазып қалдырады.

Ол: «Қырғыздың дене құрылысы мықты. Бойы орташа, көздері моңғол типтес, ұзынша келген, беті жалпақ, сүйектері сорайып тұрады, шашы қара, бала кезінен аттан түспей жүргесін аяқтары қисық, сондықтан аяқтарын ырғала басып жүреді» деп сыйпаттаса, енді бірінде: «Қырғыздың ұлттық сана-сезімі, ана тіліне, төл тарихына деген сүйіспеншілігі бар, жазбашадан гөрі ауызша түрі, жазба ескерткіштен гөрі аңыздары мен әндері басым» деп суреттейді.

Ол сондай-ақ, «Қырғыздар өте қонақжай, қонақты ерекше құрметтейді, шын көңілмен уәде берсе, басынан айырылса да, онысын орындайды. Қырғыздарда «азаматтық қылмыстардың» өте сирек болатынын айта кеткен жөн. Қырғыздардың батылдығына талас жоқ, олар қалмақтармен, жоңғарлармен соғысып, талай рет жеңіске жеткен» деп ағынан жарылады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

(«Қазақтар», Энциклопедиялық анықтамалық, А. 2003жыл)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале