31.01.2024, 11:45
Оқылды: 58

Қазақтардың көру қабілеті күшті ме?

Қазақтар туралы өз пайымдауларын білдіргендердің қатарында Михаил Иванинді жатқызуға болады. Ресей әскери академиясын бітірген М. Иванин 1835 жылы капитан шенінде Орынборға жіберіліп, одан Маңғыстауға келеді.

ЖП этнофестиваль (3)

Көрнекі фото

Оны қазақтардың рухани мәдениеті, қонақжайлылығы, ұлттық ойындары, аурулар мен медицинадан хабарлары, діні, қожаларға табынуы, ата-бабаларын қастерлеуі ерекше қызықтырды.
Кейін 1853 жылдарда алғашында Бөкей ордасы уақытша кеңесінің кеңесшісі, кейінірек Орданы басқару тізгінін алады.
Ол өзінің жазбаларында қазақтардың жол жүрудегі ерекше қасиеттеріне таң қалысын білдіреді:

«Қырғыздардың жерде дұрыс жолын таба білуі қабілетті шекара казактарын да таң қалдырады. Олар қырғыздар қасқырларға ұқсап түнде де анық көре алады деп ойлап жүр. Қырғыздардың көздерінің қырағылығы әдеттен тыс: 5-6 шақырым жерде тұрған бұтаны немесе тасты тасалап тұрған адамды анық көре алады немесе оның башқұрт не казак екенін ажырата алады. Ол алыста тасада жанып тұрған оттың түтінін және қайнап тұрған судың буын анық ажыратады» деп жазады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress. kz
(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале