30.09.2021, 12:56
Оқылды: 31

"Қазақтелеком" "Кселл" АҚ-ның 24% акциясын сатады

"Қазақтелеком" АҚ-ның Директорлар кеңесі Қазақстан қор биржасында (KASE) "Кселл" АҚ-ның 24% акциясын сату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz "Қазақтелеком" АҚ Коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап.

2021093011013872221_uzbekov

"Қазақтелеком" АҚ-ның Директорлар кеңесі "Кселл" АҚ-ның үлесін сату туралы шешім қабылдады, бұл Компания басшылығының пікірінше, "Kcell" АҚ-ның 24% акциясын монетизациялау жолымен акционерлік құнын жоғарылату үшін қосымша алғышарттар жасайды. Мұны іске асыру әдісі ретінде инвесторлардың кең ауқымына Қазақстан қор биржасындағы ашық аукционда сату таңдалды.

"Кселл" АҚ-ның акцияларының 24% -ын сату бойынша мәміле "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобының дамуына ұзақ мерзімді капиталды тартуға, оның нарықтық құнын және табыстылығын арттыруға, "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобының инвестициялық белсенділігі үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар экономикадағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің үлестерін ішінара төмендетеді және Қазақстанның қор нарығына оң әсер етеді, осыларды есепке ала отырып, бұл қадамды нарық пен қоғам оң қабылдауына әбден негіз бар. Бұл ретте, "Қазақтелеком" АҚ "Кселл" АҚ бақылау құқығын сақтап қалады және мажоритарлық акционер құқығын пайдалана отырып, оны басқаруды әрі қарай жалғастырады. Бұл ретте "Қазақтелеком" АҚ-ның компаниялар тобымен серіктестіктің барлық артықшылықтарын пайдалана береді, және әлбетте заңнамадағы монополияға қарсы барлық ережелерді әрі қарай орындайды.

2020 жылдан бері "Қазақтелеком" компаниялар тобымен технологиялық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану бойынша жобалар жүзеге асырылуда және алғашқы бірлескен конвергентті өнім іске қосылды. Компания мұндай синергия "Kcell" АҚ-ның жаңа стратегиясында белгіленген бизнес мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетініне сенімді, бұл классикалық ұялы байланыс операторынан өзіндік мықты технологиялық базасы бар және IT өнімдерін дамытуды жолға қойған толыққанды цифрлық операторға айналуды білдіреді.

"Қазақтелеком" АҚ қаржы директоры Асхат Өзбековтың айтуынша, соңғы бес жылда алғаш рет "Қазақтелекомның" басшылық етуімен "Кселл" АҚ қызмет көрсетуден түсетін табыстың едәуір өсіміне қол жеткізді, ол 17,3%-ға өсті, сонымен бірге ARPU – 15,1%-ға, және кірістің 19,5%-ға дейін өсуі көрсеткішімен олардың көлемі айтарлықтай артты.

Бұл "Кселл" АҚ-ның нарықтағы бизнестің барлық салаларында көшбасшылық позициясын сақтауға және "Қазақтелеком" компаниялар тобының синергия берген барлық мүмкіндіктерін пайдалануға бағытталған ауқымды трансформация жобасының және жаңа стратегияның жүзеге асырыла бастағанының арқасында мүмкін болды, деп атап өтті А.Өзбеков.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале