4.02.2021, 22:04
Оқылды: 17

Қазақтың қолөнерін дәріптеген

Биыл Ақжайық аудандық білім бөлімі жанындағы балалар шығармашылығы орталығының ашылғанына 15 жыл толды. Алғашқыда тоғыз педагогпен жұмысын бастаған орталықта бүгінде 100-ге жуық қосымша білім беру педагогі еңбек етеді. Оның үйірмелері аудандағы 30 мектепте ашылған. Қолөнер, сурет, фотостудия, би, вокал, домбыра және басқа да техникалық, жалпы, 16 бағыттағы  95 үйірмеде 3350 оқушы тәрбиеленуде. Қазір індетке байланысты әр үйірме жоспарға сай қашықтан оқыту жұмысын жолға қойған. Тәрбиеленушілердің және педагогтердің өз арасында «Шығармашылық шыңдайды» атты байқаулар жиі ұйымдастырылады. Мұндай шеберлік жарыстары бәсеке көркін қыздырады, шығармашылыққа ұмтылдырады, шабыттандырады.Одан басқа педагогтер облыстық деңгейде өткізілетін түрлі шеберлік сыныбына қатысады.

 орт1

Орталық жұмысы туралы толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 5 ақпан күнгі №10 санынан белгілі журналист Гүлбаршын Әжігерееваның «Қазақтың қолөнерін дәріптеген» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале