13.11.2023, 10:30
Оқылды: 67

Қазақтың тұңғыш құқық магистрі кім?

Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция студент Жақып Ақбаевтың өміріне үлкен өзгеріс әкеледі. Оның саяси белсенділігі артып осы жылдары ол Омбыда, Петропавлда, Семейде, Баянауыл мен Қарқаралыда болған митингілер мен жиналыстарда жиі шығып сөйлей бастайды.

жп дала

Алғаш 1906 жылы патшаға тіл тигізгені және сол кездегі құрылымға қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін қамауға алынады. Алғашында Омбыға, кейін Якутияға жер аударылады.

Ол Ақпан революциясын Якутияда қарсы алады. Уақытша үкімет тұсында саяси ұрандар таратқаны үшін қамалып, қазан төңкері кезінде босатылады.

1917 жылдары Бүкілқазақтық сиездерді өткізуге араласып, «Алаш орда» үкіметіне мүшелікке сайланады. «Алаш орданың» екінші сиезінде 26,5 мың адамнан тұратын тұрақты әскер құру идеясын ұсынады.

Алаш орда таратылған кезде, 1918 жылдан Қарқаралыдағы қазақ комитетін басқарады. 1919-1927 жылдары кеңес өкіметін орнатуға белсене араласады.

Алайда 1929 жылы Ақбаев заңсыз репрессия тізіміне ілігіп Воронежге жер аударылады. 1934 жылы денсаулығына байланысты қамаудан мерзімінен бұрын босатылғанмен ауру меңдеген Ақбаев сол жылы қайтыс болады.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале