13.09.2024, 11:30
Оқылды: 193

«Қазанаттағы» бәйге: батыстан үш шабандоз атқа қонды

Бүгін дүниежүзі Қазақстандағы «Қазанат» атшабарына назар салып отыр. V Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының бәйге жарыстары соңғы күнге қойылды.

1DCA23C8-D9C3-4591-A9E8-52583022D421

Суреттер автордан / Дәл қазір, Астана қаласы

Кеше көкпар деп ақ тер, көкбөрі деп көк тер болған халық бүгін қолына намыстың қамшысын алып, бәйге көруге келді. Келсе келгендей. Себебі ұшқыр бәйге, жорға жарыстан кейін құнандар, одан кейін аламан бәйгенің арғымақтары шығады.

365C3852-B467-4729-89A9-D651409109B5

Аламан – бәйгеден гөрі, майданға ұқсайды. Себебі, қазақ даласының дарабоздары Жұмыртұяқ, Талхиз, Мамайқара секілді сәйгүліктермен бірге қырғыздың атышулы Қарақызы бір жарыс жолында шабады.

Ерекше екпін қойғымыз келетіні, Көшпенділер ойындарының бәйгесіне Батыс Қазақстаннан үш бірдей шабандоз атқа қонады. Олар Айсұлтан Миразат, Ырысбек Рашид және Мерей Ғарифуллин.

AABBF238-DBE6-4AFF-8E43-D41BE26E4345

Дүниежүзілік додаға лайықты жокей шыққаны – Батыс Қазақстан облыстық «Бәйге» федерациясының жылдар бойғы еңбегінің жемісі.

Бауыржан Ширмединұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале