14.07.2022, 15:00
Оқылды: 39

«ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» біріктіріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» компанияларын біріктіруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

жол1

«Автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін екі негізгі оператор қадағалап, қызмет көрсетеді. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Осы орайда ол Үкіметке «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырды.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале