6.09.2022, 17:30
Оқылды: 62

"Казахстанская правда" газетінің бұрынғы басшысы 75 жасында қайтыс болды

"Казахстанская правда" газетінің бұрынғы басшысы Григорий Дильдяев дүниеден озды. Ол еңбек жолының көп бөлігін журналистикаға арнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2

Григорий Дилдияев 1948 жылы 2 шілдеде Қырғыз ССР Фрунзе қаласында дүниеге келген. 1971 жылы Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.

1966 жылдан Ош облыстық газетінде корректор қызметін атқарды. 1971 жылдан "Казахстанская правда" газетінің әдеби қызметкері, тілшісі, бөлім меңгерушісі болды.

1985 жылы "Правда" газетінің тілшісі, тілшілер тобының жетекшісі болды. 1991 жылдан "Азия" газетінің бас редакторы болып қызмет етті.

1994-1997 жылдары "Казахстанская правда" газетінің бас редакторы қызметін атқарған.

1995-1999 жылдары "Азия – экономика және өмір" газетінің бас редакторы болды.

1999 жылдан бастап "КазИнПресс" РБА-ны басқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале