"ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, онымен шығыста жаңбыр жауады, Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, найзағай, оңтүстік-шығыста - бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста - тұман күтіледі", – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Фото: ortcom.kz
Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 1-3 градус үсік күтіледі. Ал Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Абай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында өрт қаупі жоғары.