13.02.2023, 16:30
Оқылды: 23

«Қазгидромет»: батыста және оңтүстікте жел күшейеді

Атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжиды, деп хабарлайды kazhydromet.kz.

2B4E6E3B-81EC-4DEF-8E2C-788BB6E874C6

«Қазгидрометтің» болжауынша соның арқасында жұмыс аптасының басы бұлтты болмақ. Жауын-шашын негізінен қар түрінде, жаяу бұрқасын, еліміздің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ құбылыстарымен бірге өтеді.

16 ақпанда Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек республиканың солтүстігінде жоғары қысым аймағы әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болжанады.

Батыста және оңтүстікте жел күшейеді.

Ал температуралық фонда өзгерістер күтілмейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале