25.02.2021, 11:57
Оқылды: 41

Казталов ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тәртіптік іс материалдары қаралды

24 ақпан күні бейнеконференцбайланысы режимінде өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Казталов ауданы әкімінің орынбасары З.Мажитоваға қатысты тәртіптік іс материалы мен өзге де тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға қатысты мәселелер қаралды.

image-25-02-21-11-49

Кеңес отырысында Сарықұдық елді мекенінде ұстаздар арасында жиналыс өткізу кезінде бетперде тақпай, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитоваға қатысты тәртіптік іс материалдары қаралып, нәтижесінде соңғының аталған әрекеті үшін жауапкершілікке тартылғандығы ескеріліп, Кеңеспен тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылданды.

image-25-02-21-11-50 (1)

Кеңес отырысында екі мемлекеттік орган атынан түскен, бұрын берілген тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алуға келісім беру туралы ұсыныс хаттары да қаралып, нәтижесінде Кеңеспен аталған ұсыныстарды қанағаттандыру туралы шешімдер қабылданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале