7.01.2021, 18:32
Оқылды: 35

Казталов ауданындағы мекеме-кәсіпорындарда бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен онлайн форматта кездесу өтті

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Аманжан Жамалов Казталов ауданындағы мекеме-кәсіпорындардағы бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді.

IMG-20210107-WA0013

- Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстар басталғалы бері бірқатар аудан-ауылдарда болып, жергілікті халықпен жүзбе-жүз кездесулер өткіздік. Сол кездесулерде халықтың «Nur Otan» партиясына деген оң көзқарасын байқадық. Мұның басты себебі – күні бүгінге дейін тұрғындар осы партиядан ғана нақты қолдау көріп отыр. Кешегі пандемия кезінде де «Nur Otan» париясы халықтың жанынан табылып, қиындыққа тап болғандарға демеу көрсетті. Ал осы сайлау науқаны басталғалы бері белсенділік танытып жүрген қалған партияларды ел басына күн туған сәтте халықтың жанынан көре алмадық. Сіздерге, сіздер арқылы еңбек ұжымдарына айтарым, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына және партиялық тізімге енген кандидаттарарға дауыс беріңдер. Сонда ғана елдегі игі істер жалғасын тауып, ертеңгі ұрпақ үшін жарқын болашақ қалыптастыра аламыз, - деді А.Жамалов.

Сонымен қатар аталған аудандағы партия белсенділерімен кездескен кандидат «Nur Otan» партиясының алдағы бесжылдық жоспарына тоқталып өтіп, Казталов ауданында атқарылар нақты істер турасында айтты.

Оның ішінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту, инфрақұрылымдарды жетілдіру секілді нақты шаралар бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале