4.04.2025, 19:00
Оқылды: 76

Казталовта мекеме ұжымдары Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтті

Бүгін С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты фестиваль аясында мерекелік кеш өтті.

1de28380-5aec-481c-a025-2003455c1b49

Аудандық мәслихат аппараты, «Мансап» орталығы, аудандық қазынашылық басқармасы, азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Казталов аудандық бөлімі, аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің концерттік бағдарламасын аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, аудан тұрғындары мен оқушылар тамашалады.

919e352f-9d6f-4a73-8753-afad3c6dff12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Атырауда өткен «Ұлттық құрылтайдың» үшінші отырыснда: «Сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның өшпес ерлігі мен ерен еңбегін ұрпақ жадында жаңғырту өте маңызды. Мемлекет бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береді», - деп, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын кең көлемде атап өту жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінде ауданымызда айтулы күнді атап өту мақсатында жұмыс тобы құрылып, бірқатар бағдарламалар әзірленді. Ірісі аудан орталығында «Жеңіс» саябағына мемориалдық ескерткіш орнату болса, ауқымы аз деген іс-шаралар қатарынан мерекелік концерттер мен сынып сағаттарын, кітапханаларда ұйымдастырылатын естелік шараларды атап өтуге болады. Соның ішінде сұрапыл соғыста жанын пида еткен ата-бабаларымыздың ерлігін дәріптеу мақсатында аудандық бөлім және мекеме ұжымдарының ұйымдастыруымен өтіп жатқан концерттік бағдарламалардың маңызы зор.

a12dee66-98f9-49ae-b8b6-b98326b241ee

- Ұлы Жеңістің 80 жылдығы баршамызға ортақ мереке. Бұл мерекенің маңызыдылығы сол адамды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Мерейтойлық датаны атап өту мақсатында Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасын да ескеріп, аудан әкімдігінің бастамасымен ауданымыздағы бөлім және мекеме ұжымдарының қатысуымен өтетін мерекелік концерттік бағдарламалардың кестесі жасақталды. Мемлекеттік қызмет саласындағы әріптестеріміз Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған шығармаларды сахналап, әндерді шырқап, зұлматты жылдардың жаңғырығын көрерменге жеткізе білді деген сенімдемін, - деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова.

01062204-11f6-4cf6-880b-0d2b71e6772e

Бүгінгі мерекелік концертте «Әлияның хаты», «Сапура әжей мен немересі» көріністері сахналанса, Зарузат Жамбылова «Мен Мәншүкпін» монологын, Диана Жүсіпова Абдрахман Асылбектің «Жеңіс жалауын» нақышына келтіре отырып оқып, көрерменнің жүрегін елжіретті. Сонымен қатар концертте «Катюша», «Отаным Қазақстан», «Ән сал, сарбаз», «Жаса Қазақстан», «Атамекен», «Сапқа тұр» сынды рухты әндер шырқалып, аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұжымы «Солдат» биін билесе, Жеңіс Хасанов және Самал Тілегенова қобыз бен домбырадан «Алматы түні» композияциясын орындады.

c43fb253-726e-4d25-a81d-961876504e4b

Іс-шараны ұйымдастырушылар тек патриоттық әндерді орындаумен ғана шектелмей, ұлттық аспаптар арқылы қазақтың төл мәдениетін жаңғырта білді.

472a2629-bb6a-41b5-906f-08c392946019

Айта кетейік, 21 ақпаннан бастау алған фестивальде А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің ұжымы, аудандық шығармашылық және жаңа технологиялар орталығы, аудандық ветеринариялық станциясы, аудандық аумақтық инспекциясы, аудандық ветеринариялық зертхана, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің ұжымдары мерекелік концерт ұйымдастырып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Казталов ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале