Warning: session_start(): open(/tmp/sess_r167ti13217umfpin691vsjt98, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Казталовтық Бекайдар «Жайық барысы» атанды - официальные новости ЗКО
8.10.2025, 23:00
Оқылды: 128

Казталовтық Бекайдар «Жайық барысы» атанды

Дәстүрлі «Қазақстан Барысы» турнирінің облыстық іріктеу кезеңі жоғары деңгейде өтті. Додаға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпазы атанған 25 палуан қатысты. Еліміздің басты боз кілем бәсекесіне жолдама алу үшін жан алысып, жан беріскен апайтөстер айқасы тартысты өтті.

a76d36b7-4b53-4289-920b-56602c600742

Жарыс басында палуанларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдаулет Сәбитов сәттілік тіледі.

8879470b-49c2-4a4b-a380-41e2c6b02a99
- Өңірдің ең мықты палуандары бас қосып, еліміздегі басты күрес додасына жолдаманы сарапқа салуда. Бабы мен бағы қатар шапқан шын мықты жеңіске жетсін. Бүгінгі Жайық барысының жеңісті жолы басты бәсекеде жалғасын тапсын, - деді Бақдаулет Маратұлы.

6da8043f-332b-496c-bf36-14fd5010ffce
Күрестің көрігін қыздырған палуандардың әр белдесуі жанкүйерлерді серпілтті. Тәжірибелі төрешілер қазылық еткен жарыс барысында қатысушылардың дайындығы мен шеберлігі ерекше байқалды.

34b52a90-d98a-45ac-9abc-2d4bcb745252

Нәтижесінде казталовтық Бекайдар Меңдешев жеңімпаз атанды. Ал Тасқала ауданы атынан белдескен Эльнар Жанболатұлы екінші орын иеленді. Енді Бекайдар мен Эльнар «Қазақстан барысы» турнирінің республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайды. Одан бөлек үшінші орынға шыңғырлаулық Құсайын Ерболатов қол жеткізді.

fb617bfa-2a57-4567-a301-5cd8c56eb8b7

Айта кетейік қазақ күресінің елдегі басты бәсекесі қазанның 18-і күні Астанада өтеді.

Түгелбай Бисен, 

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале