30.05.2024, 11:00
Оқылды: 64

«Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» аталымымен марапатталды

Таяуда Сәкен Жүнісовтің 90 жылдық мерейтойы аясында Көкшетау қаласында «Сәлем» ІІ халықаралық  комедиялық театр фестивалі өтті. Онда Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының әртісі Эльмира Мақашеваның аудармасы бойынша А. Айларовтың «Келісімшарт бойынша қалыңдық» комедиясы сахналанды.

WhatsApp Image 2024-05-29 at 4.57.58 PM

Қойылым жетекшісі – Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иегері Қуандық Қасымов. Сахналаған – танымал театр әртісі Нұржан Ізтаев. Бірнеше күнге созылған өнер додасында Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан мемлекеттерінің беделді театрлары бақ сынады. Фестиваль қорытындысы бойынша Эльмира Жұмажанқызының аудармасы негізінде сахналанған аталмыш қойылым «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» аталымымен марапатталды.

Айта кетейік, Э. Мақашева орыс, қырғыз тілдерінен оннан астам пьесаны тәржімалап, қазақ тіліне аударған. Ол аударған Е. Шварцтың «Күлше қыз», Н. Мұсаеваның «Сенiмдi дос» ертегілері, Ж. Өзүбекованың «Толғақ» психологиялық драмасы, Ф. Буляковтың «Қысқа ғұмыр» мұңды комедиясы және басқа да көптеген драматургтің шығармалары бүгіндері республикалық театр сахналарында көрермен назарына ұсынылуда. Бұдан бөлек талантты театр әртісі биыл Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне орай Қазақстан театр қайраткерлері одағы төралқасының «Дара» төсбелгісімен марапатталған.

Аружан Аманжол,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале