5.11.2024, 10:00
Оқылды: 49

«Кейбіреулер тіпті бұл секіруді жасап көре алмайды»: Михаил Шайдоров әлемдік мәнерлеп сырғанаудың тарихына қалай енгені туралы айтты

Қазақстанның ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өткен Гран-при кезеңінде медалға бір қадам жетпеді. Спортшы төртінші орынды иеленді. Сонымен қатар, халықаралық турнирде ол әлем тарихына енген ерекше жетістікке қол жеткізді. 

Olympic.kz сайтына берген сұхбатында Михаил өз өнерін бағалап, күрделі комбинацияны орындауға байланысты тәуекелге баруының ақталған-ақталмағанын айтты.

IMG_0789

Суреттер: Olympic.kz

Қазақстандық спортшы Гран-при нәтижесі бойынша өз есімін мәнерлеп сырғанаудың әлемдік тарихына енгізді. Шайдоров үштік аксель мен төрттік тулуп комбинациясын таза орындады. Бұған дейін ресми жарыстарда ешкім каскадта екінші секіру ретінде төрттік тулупты қолданған емес. Спортшы комбинацияның ерекшелігі оның күрделілігінде екенін атап өтті.

«Әрине, бұл каскадты орындау физикалық тұрғыдан өте қиын. Кейбіреулер тіпті оны жасауға тырыспайды, себебі үштік аксельден кейін жоғары жылдамдықпен шығып, төрттік секіруді орындау қиын. Бірақ осының өзі бұл каскадты ерекше етеді. Мақсатыма қол жеткізгеніме қуаныштымын.

Бағдарламада бұл элементті орындау психологиялық тұрғыдан өте қиын болды. Дегенмен, мен тыңғылықты дайындалдым. Нәтижесінде бәрі сәтті шықты. Төрешілердің бағасына қарағанда, тәуекелге баруым өзін ақтамаған сияқты. Бірақ мен бұл каскадты бағалау үшін емес, орындау үшін секірдім», – деді Михаил.

Гран-придегі өз өнері туралы айтқан Михаил Шайдоров қысқы бағдарламада қате жібергенін атап өтті. Дегенмен, қазіргі дайындығына көңілі толатынын жеткізді.

«Өз өнеріме жақсы баға беремін. Қысқа бағдарламада өрескел қателік жіберіп қойдым, бірақ бұл – кездейсоқтық. Алдағы уақытта мұндайды қайталамауға тырысамын. Еркін бағдарламаның бірінші кезеңін таза орындадым. Екінші бөлігінде қателіктер болды.

Алайда жалпы алғанда, бәрі жақсы! Турнирде ешбір спортшы менікіндей күрделі бағдарламаны ұсынған жоқ. Өкінішке қарай, бағалар көңіл көншітпейді. Қазіргі кезде төрешілер төмен бағалап жатыр.  Алайда, ештеңе етпес, әрі қарай еңбек етіп, өзімді шыңдаймын.

Және де ілгері қадам басып, бабымда жүргеніме қуаныштымын. Алдағы Гран-при кезеңіне дейін көп еңбек ету қажет. Сол кезеңде Анжедегіден де жақсы нәтиже көрсетемін деп үміттенемін».

Михаил Шайдоровтың келесі жарысы - Қытайдағы Гран-при турнирі. Дайындық Алматы қаласында өтеді. Жаттығуларда мәнерлеп сырғанаушы негізгі назарды екінші кезеңдегі әдіс-тәсілдерді шыңдауға және техникалық бөлікті жетілдіруге көп көңіл бөлетінін жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале