Облыстық полиция департаментінде осы жылдың өткен алты айында атқарылған жұмыстар бойынша жедел кеңес өтті. Онда негізгі қызмет көрсеткіштері сараланып, кейбір түйткілді мәселелер талқыланды, оларды шешу жолдары да пысықталды.
Алғашқы кезекте департамент бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов сөз алып, тәртіп сақшыларының назарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойып отырған міндеттеріне аударып, соған сай Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатқан реформаның маңыздылығына тоқталды. Әрі жаңа қызмет көрсету моделіне көшудің басты индикаторларын талдап, полиция қызметкерлері, ең алдымен өз жұмысын азаматтардың қажеттіліктеріне қарай бағыттауы керек екенін атап өтті. Өз кезегінде жекелеген басқарма басшылары міндетті қызметтерінің шеңберінде есеп берді.
Бұл мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №87 санынан оқи аласыздар!
Бауыржан Махутұлы,
zhaikpress.kz