19.08.2025, 11:15
Оқылды: 232

«Келешек мектеп» – заманауи білім ордасы

Биылғы жылдың 17 ақпанында Орал қаласы, Зашаған кентіндегі Балауса шағын ауданында "Келешек мектеп" ұлттық жобасы аясында жобалық қуаты 1500 орынға арналған №52 жалпы орта білім беретін мектеп ашылған болатын. Бұл жоба ҚР Президентінің 2022 жылғы Жолдауы негізінде үш ауысымдық оқытуды, апатты мектептер мен орын тапшылығын жою, білім беру сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылған.

WhatsApp Image 2025-08-19 at 12.09.15

Мектеп – жаңа білім беру стандарттарына сай салынған үш қабатты, 10 блоктан тұратын заманауи ғимарат. Бастауыш, орта және жоғары сыныптар жеке блоктарда орналасқан. Қауіпсіздік үшін турникеттер, 180 бейнебақылау камерасы, дыбыстық хабарлау жүйесі, автоматты құлыптар мен өртке қарсы брондалған бөлме қарастырылған.

WhatsApp Image 2025-08-19 at 12.09.15 (1)

Мектепте оқушылардың жайлы білім алуы үшін локерлер, инклюзивті орта (пандустар, лифт, арнайы дәретханалар), заманауи пән кабинеттері, STEM-зертханалар, IT-сынып, биотехнология, нанотехнология кабинеттері бар. Сондай-ақ, шығармашылыққа, демалуға арналған коворкинг, хореография, спорт залдар, кітапхана және асхана қарастырылған.

WhatsApp Image 2025-08-19 at 12.09.14 (1) WhatsApp Image 2025-08-19 at 12.09.15 (2) WhatsApp Image 2025-08-19 at 12.09.16 WhatsApp Image 2025-08-19 at 12.09.16 (1)

Бүгінгі таңда мектепте 1480 оқушы білім алуда, оның ішінде 172 оқушы – 1-сыныпқа жаңадан қабылданғандар. Жаз бойы осы балаларға бейімделу мақсатында «Балақайлар мектебі» ұйымдастырылып, 156 бүлдіршін дайындық сабақтарына қатысты.

 Ұлжан Калиева, бастауыш сынып мұғалімі:
«Балақайлар мектебі» аясында әр балаға жеке қолдау көрсетілуде. Сабақтарда ойын, психологиялық тренинг, логикалық тапсырмалар, цифрлық платформалар қолданылады. Бұл оқушының мектепке бейімделуіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектесуде. Ата-аналар тарапынан белсенділік жоғары, олардың да мектеппен байланысы нығаюда».

 Гүлсезім Шамелова, ата-ана: 
«Қызым Алина дайындық сабақтарына қуана барады. Мұғалімі Раушан Рамазанқызына ерекше алғыс айтамын. Жаңа ортаға үйренісу, қызығушылығының артуы біз үшін үлкен жетістік».

 

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале