22.11.2022, 10:01
Оқылды: 5

«Кемел ойлы, кең пейіл»

Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №8 кітапхана-филиалында белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Кемел ойлы, кең пейіл» атты әдеби кеш өтті.  

WhatsApp Image 2022-11-07 at 12.12.50

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығымен бірлесе ұйымдастырылған іс-шараға

Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында кітапханашы А. Саматова жазушының ғұмырнамасын таныстырып, М. Әуезовтың шығармашылығы жайлы ақын Айнабек Бисенғалиев баяндама жасап, «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Қилы заман», «Көксерек» сияқты алғашқы шығармаларын жас оқырмандарға насихаттады. Сонымен қатар оқырмандардың назарына Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын насихаттайтын бейнежазба ұсынылды. Жас өнерпаздар – Мақсат Тұяқ, Ақмоншақ Есетова жазушыға арналған Қасым Аманжоловтың «Мұхтар аға!», Мұхтар Шахановтың «Мені неге Мұхтар қойған?» арнау өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ «Әуезовтың мәңгі  өлмейтін мұрасы» атты кітап көрмесі  жасақталып,  шолу  жасалды.

Ақкүміс Саматова,

№8 кітапхана-филиалының кітапханашысы,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале